Халық тұтынатын қарапайым заттардың барлығы өз елімізде өндірілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық тұтынатын қарапайым заттардың барлығы өз елімізде өндірілуі тиіс

14.08.2019

Халық тұтынатын қарапайым заттардың барлығы өз елімізде өндірілуі тиіс. Елімізде осындай мақсатқа негізделген жеңілдетілген бағдарлама басталды. «Қазынадан 600 миллиард теңге бөлінген болатын, оның 55 миллиарды игерілді»,-деді мамандар. Өйткені бағдарлама шарттары жеңіл. 7 жылға дейін 6 пайыздық мөлшерлемемен беріліп жатыр. Бұл бастама нарықтан импорттық өнімдерді ығыстыруға мүмкіндік бермек. Қазіргі күні сырттан келетін өнімдердің үлесі 60 пайызға жуық. Ал оны алдағы 6 жылда 1,5 есеге дейін азайту жоспарлануда. Сонымен қатар 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

 

 

Бейсен Жолболдиев, Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

Бұл жерде 400-ге жуық тауар түрлері бар. Бұл жаңағы киім-кешектер, тамақ, барлық салалар қарастырылған. Жалпы халық тұтынатын тауарлар.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу