«ҚазАгро» биыл 9,7 мың тонна ет экспорттамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАгро» биыл 9,7 мың тонна ет экспорттамақ

31.07.2014
«ҚазАгро» биыл 9,7 мың тонна ет экспорттамақ

«ҚазАгро» холдингі жыл соңына дейін Ресейге 9 мың тоннадан астам ет экспорттауды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін 3,5 мың тонна ет экспортталды. Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов хабарлады.

Президент Үкіметке 2016 жылға қарай ірі қара етінің экспортын 60 мың тоннаға жеткізуді жүктеген болатын. Қазақстан кеңестік кезеңде жылына 200 мың тоннадан астам ет экспорттаған, сондықтан да, бұл бағыттағы әлеуетіміз мықты және жоспар орындалатын болады, деді Қайрат Айтуғанов.

Ал жекешелендірудің екінші кезеңі аясында холдинг 48 нысанын сатылымға шығарады. Олардың басым бөлігі микронесиелеу ұйымдары.

Қайрат Айтуғанов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Бізде «Кроун Батыс» деген үлкен жоба іске қосылды. Жоба – Батыс Қазақстан облысында. Онда 8640 бас бордақылау алаңында тұрады. Ол жылына екі рет осындай бас қабылдай алады.  Яғни, 17 мың бас осындай бордақылау алаңынан шығу керек. Осындай шартқа қазір қол қойылды. Өткен жылы осы мекеме 300 тонна етті Ресейге шығарды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу