Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді

13.08.2019

Бүгін Президент Ақордада экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді. Оған  Үкімет басшысы мен Ұлттық банк төрағасы, Экономика министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері қатысты. Олар 7 ай қортыныдысы туралы баяндама жасады. Жиында азық-түлік бағасы мен тарифтерді төмендету мәселесі мен әлеуметтік бағдарламалардың іске асу барысы талқыланды. Президент бұл салаларда жұмысты жандандыру үшін жаңа тәсілдерді ұсынудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерден бөлек, әлемдегі ахуалдарды ескеріп, экономиканы дамытудың орта мерзімді бағдарламасын айқындау қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмыс сапасын төмендетпеу үшін барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық орындалуына  баса мән беруді тапсырды.  

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу