Ақтауда Құрбан айт мерекесінде 100 отбасыға көмек берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда Құрбан айт мерекесінде 100 отбасыға көмек берілді

12.08.2019

Кешеден бері құрбандық шалғандар төрт түліктің еті мен азық-түлікті Ақтау қалалық Бекет ата мешітіне әкеліп жатыр. Ал имамдар оны аз қамтылған, көпбалалы жанұялар мен мүгедектерге, жетім-жесірлерге үлестіруде. Шамамен 1,5 тонна ет таратылды. Аталған мешітте 300-ден астам тұрмысы төмен отбасы кезекте тұр.

Светлана Илаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Алғаш рет келіп тұрмын. Жақсы қарсы алып жатыр.

Зиядолла Еміл, Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы:

Жылда осы істі жүзеге асыруға асығамыз. Біз елдің ниетіне қарай, ет бұзылып кетпесін, уақытылы таратылсын деп жеткізудеміз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу