Құзырлы органдар көмірді қазірден бастап алуға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құзырлы органдар көмірді қазірден бастап алуға шақырады

06.08.2019

Нұр-Сұлтанда қысқа дайындық басталды. Құзырлы органдар көмірді қазірден бастап алуға шақырады. Қала бойынша қатты отын сататын 7 орын белгіленді. Олардың бәрімен әкімдік бағаны құбылтпау және сапаны сақтау тұрғысында келісімге отырған. Ал аз қамтылған отбасылар үшін 20 мың 200 теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі. Көмір құны тоннасына 12-14 мың теңге аралығында. Аталған 7 компанияның қоймасында 19 мың тоннадан астам көмір бар. Былтыр елорда тұрғындары мен жылу қазандықтары 420 мың тонна көмір тұтынған екен. Биыл да соған шамалайды. Бұл молынан жетуі тиіс. «Сондықтан қыстың қамын ерте жасамаса, қарбаласта айламен пайда табатындар көбейеді»,- дейді мамандар.

 

Ербол Төлеуов, Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

Алып сатарлардың мәселесі бар. Өйткені біз алыпсатарларды қарай алмаймыз ғой. Өзі келіп, жүк көлігімен алып кетіп, басқа қаланың шетіне барып, 18 мыңнан сатып жүргендер бар. Сол себептен. ол жұмыс  ДВД-ға жүктелген және аудандық әкімдіктерге.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу