Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы рекордық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы рекордық деңгейге жетті

06.08.2019

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Сарапшылар мұны науқандық факторлармен, Ресей рублінің құбылуымен және сауда соғыстарының әсерінен деп түсіндіріп отыр. Бұдан бөлек Ұлттық банк ақша айырбастау саясатын  күшейтпек. Дәлірек айтсақ, ақша айрыбастау бекеттерінің жаңа жұмыс тәтртібін бекітуді ұсынды.

Бүгінгі теңгенің 1 долларға шаққандағы орташа бағамы 386 теңге 97 тиын болып бекіді. Бұл бұрын болмаған бағам. Ақша айырбастау бекеттері тәртіпке сай осы бағамнан 6 теңге дәлізінде ауытқи алады. Мысалы, астанадағы ақша айрбастау орындары 1 долларды 387-388 теңгеден сатуда. Валюта бағамының бұлай өзгеруіне бірнеше фактор әсер еткен. Ол рубль құнсыздануы мен мұнайдың аздап арзандауы және АҚШ-тың ақша саясаты. Сонымен доллар бағамы не болмақ?

 

Андрей Чеботарев, Халықаралық брокерлік компания өкілі:

Теңге бағамы, әрине Трамптың саясаты немесе Қытайдағы юанның құнымен тікелей байланысты емес. Дегенмен бұл факторлар әсер етеді. Қазір әлемдегі ахуал тұрақсыз болып тұр. Яғни доллар бағамын ұстап тұру қиынға түседі. Меніңше, доллар бағамы өседі. Нақты қаншаға өсетінін басып айту қиын. Себебі бұл процеске Ұлттық банк кейде жария түрде, кейде жарияламай араласып отырады.

 

Өзге сарапшылар жаз мезгілінде долларға сұраныс артатынын айтты. Дегенмен доллар бағамының құбылуының басқа да факторлары бар.

 

Әкімжан Арупов, сарапшы, экономика ғылымдарының докторы:

Теңгенің құнсыздануының басты себебі ретінде АҚШ-тың қайта қаржыландыру көлемі 25 пайызға  өзгеруін айтар едім. Мұнай бағасының төмендеуі де кері әсер етіп тұр. Бұл жекелеген адамдарға қиын болғанымен, экономикада баланс орнату үшін оң әсер етеді.

 

Ақша айрбастауға қатысты тағы бір жаңалық. Ұлттық банк жаңа жылдан бастап, валюта ауыстыру бекеттерінің жұмыс уақытын шектеп, ақша алмастырған азамттардың жеке мәліметтерін тіркеп отыруды ұсынды. Басты мақсат сыртқы ақша ағымын азайту, қолма-қол ақша айрбастауды реттеу. Ұсынс әзірге талқыланып жатыр. Алайда сарапшылар бұл бастамаға күдікпен қарайды.

 

Андрей Чеботарев, Халықаралық брокерлік компания өкілі:

Мысалы, мен түн ортасында Қазақстанға ұшып келген туристпін делік. мен такисге отыру үшін долларымды теңгеге алмастыруым керек, бұл сонда қалай болады? Ұлттық банк халықтың пікірін ескеріп,  бұл бастамадан бас тартады деп ойлаймын. Олай болмаған жағдайда кейбір елдердегідей базарларда немесе түнде валюта сататын делдалдар қаптап кетеді. Бұл кімге болса да жақсылық әкелмейді.

 

Сарапшылар мұндай жаңашылдықтарды енгізбес бұрын көрші елдердің тәжірибесін зерттеп, зерделеген жөн дейді. Дегенмен, нақты шешім жыл соңына қарай қабылданады. «Ал елімізде доллар бағамының күрт өсуіне қазір ешқандай негіз жоқ»,- дейді қаржыгерлер.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу