Президент Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

06.08.2019

Ақордада Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси ахуалы сөз болды. Мемлекет басшысы аймақта инфрақұрылымды қайта жаңғырту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевқа әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді және барлық салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу