Петропавлда көпқабатты үйлер жылу маусымына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда көпқабатты үйлер жылу маусымына дайын емес

01.08.2019

Петропавлдағы көпқабатты үйлер жылу маусымына әзір емес. Шаһардағы 1086 үйдің тек 16-сы ғана қысқа дайын. Қалғандары енді ғана жылу желілерін шайып, тиісті жұмыстарды істеп жатыр. Кейбір үйлерде пәтер иелері кооперативі болмағандықтан,  мүлдем ешқандай жұмыс атқарылмаған. Мамандар тұрғындардың салғырттығы ертең опық жегізуі мүмкін екенін ескертеді.

 

Денис Возняк, «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС Бас инженерінің орынбасары:

Жыл сайын жылыту маусымына дайындалмаған үйлерді орталық жылу желілерінен ағытып тастаймыз.  Тұрғындар өз беттерімен пәтер ішіндегі қабырғаларды алып тастап, аумағын өзгертеді. Жылыту жүйесіне бейберекет пластикалық құбырлар орнатады. Жылу радиаторларының санын өзгертеді. Жылу жүйесін жуып-шаймайды. Салдарынан пәтерлеріне жылу қажетті мөлшерде жетпей жатады.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу