Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте көлік жолдарының сапасы сын көтермейтіні айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте көлік жолдарының сапасы сын көтермейтіні айтылды

31.07.2019

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте қоғам белсенділері көлік жолдарының қазіргі жағдайы сын көтермейтінін сөз етті. Сапаны арттыру бағытында бірлесе жұмыс істеуге де дайын екендігін жеткізді. Темірді қызған кезде соқ дегендей «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» алдағы аптадан бастап, тексеру рейдтеріне бірлесе шығуға шақырды. Және жемқорлыққа қатысы істі болған  9 қызметкер бойынша түсініктеме берілді.

 

Замир Сағынов,  «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РММ Бас директорының міндетін атқарушы:

Агенттік мәлімдеген 9 қызметкердің екеуі біздің ақпаратымыз бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысы болған. Бірі «Алматы жол зертханасының» бұрынғы директоры. Ол қазір жұмыстан шығарылды. Ал екіншісінің соттылығы аяқталып, 3 жыл мемлекеттік қызметке кіру шектеуі де өтелді. Бірақ басқару функциясын атқармайды. Қалғандары – күзетші, инженер жемқорлыққа қатысы жоқтығы белгілі болды.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу