Алматыда бос орындар жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бос орындар жәрмеңкесі өтті

30.07.2019

Оған қаладағы жұмыс іздеген жас мамандар мен егде жастағы адамдар да келді.

Себебі, бос орындар жәрмеңкесі арқылы сан түрлі кәсіпке жұмыссыз жүрген мамандарды тарту көзделген. Оқушылар сарайында өткен шарада әсіресе, жоғары оқу орынын биыл тәмамдаған жастардың қарасы қалың болды. Өйткені, жұмыспен қатар білімін де жетілдіруді ойлайтын олар мегаполисте қалып, еңбек етпекші. Мәселен, Медеу ауданында бүгінде 600-ден аса ересек жұмыссыз ретінде тіркелген. Солардың алпыс пайызы ерлер болса, қырық пайызы - әйелдер. Басым бөлігі, яғни 200-ге жуығы жергілікті басқару орындары арқылы тұрақты қызмет еткісі келетіндігін жеткізген.

Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:

Бүгінгі күнде қазір біз ойлап отырмыз гідеті бір елуден аса адам жұмысқа орналасады деп қорытындысында осы жәрмеңкенің қорытындысында. Енді алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табады. Бізде мынау Алматы қаласында жұмыспен қамту орталығында көптеген бағдарламалар бар. Сол бағдарламаларға жұмысқа келген адамдарды сол жерге жіберіп, тағыда басқа қызметтерге орналастырып жатырмыз.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу