«Бірге - таза Қазақстан» акциясына жұрт белсенді қатысып, айналаны қоқыстан тазартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге - таза Қазақстан» акциясына жұрт белсенді қатысып, айналаны қоқыстан тазартты

29.07.2019

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына сырбойылықтар да  үлес қосты. Мыңға жуық мемлекеттік қызметші мен қала  тұрғындары Сырдария  жағалауын қоқыстан тазартты.  

Өзен жағасы күл-қоқысқа толы. Себебі жазда бұл жерге келіп демалушылар көп. Тазалыққа немқұрайлы қарайды.  Полиэтилен пакеттер мен пластмасса құтылар топырақта ыдырай қоймайды. Сондықтан зияны жоғары.

 

Шынберген Жақсылық, Облыстық экология департаментінің бас маманы: 

 Бұл қалдықтардың қоршаған ортаға және адам өміріне теріс әсері көп. Табиғатты тазарту қоршаған ортаға келтірілетін теріс әрекеттерді азайту болып табылады.

Облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары да  тазалық шарасына белсене қатысты.

 

Бауыржан Шәменов, Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:  

 Бұл шаралар тек қана облыс орталығында ғана емес, барлық аудандарда ұйымдастырылып жатыр.  Сондықтан да облыс халқын осы шараға атсалысуға шақырамыз.

Осы жолы 13 300 текше метр қалдық жиналды.  Экологиялық акция тамыз айының соңына дейін жалғасады. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу