Есірткіні ғаламтор арқылы саудалағандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

29.07.2019

Есірткінінің дайындалуын интернетте жариялап және онлайн саудалғандарды кемінде 15-20 жылға соттау керек. Немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды. Ішкі істер министрлігі қылмыстық заңға түзетулер енгізу арқылы жауапкершілікті осылай күшейтуді көздейді. Мұны Мәжілістің қарауына кезекті сессияда ұсыну жоспарланған. «Қазір есірткінің синтетикалық түрлері көбейді. Және ол бұрынғысынан аса қауіпті»,-дейді мамандар. Ал оны өткізуде заманауи технологияның ықпалы зор. Әлеуметтік желілер, бақылаусыз мессенджерлер, құпия төлем құралдары бар. Оларды тереңірек тексергенде, көп жағдайда шет елдерде тіркелген боп шығады.

 

Илья Канцеров, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының орынбасары:

Егер осындай жолмен кәмелет жасына толмағандарды есірткіге елітсе немесе қылмыскерлердің әрекетінен кейін тұтынушы өліп кетсе, онда олар 25 жылға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тағы мүлкін тәркілей отырып, өмір бойына соттау да көзделген.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу