Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Аайдар Әріпхановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Аайдар Әріпхановты қабылдады

29.07.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады. Кездесуде холдингтің қазіргі қызметі мен даму жоспары жайлы есеп берілді. Президентке әлеуметтік жағдайы төмен топтағы азаматтарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы мен шағын бизнесті қолдау секілді қор құзыретіне қатысты мәліметтер баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев, әсіресе «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асыру маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты жұмыстарды жандандыруды тапсырды.  

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу