1500 алматылық «Бірге – таза Қазақстан» акциясына қатысып, Көкжайлау шатқалын қоқыстан тазартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1500 алматылық «Бірге – таза Қазақстан» акциясына қатысып, Көкжайлау шатқалын қоқыстан тазартты

29.07.2019

Жалпықалалық тазалық шарасында таулы жердің 6 аумағы мен Жарбұлақ өзенінің жағасы 6 тонна қоқыстан тазартылды. Енді жастар әр демалыс күндері тауға шығып, оңай жойылмайтын тұрмыстық қалдықтарды жинамақшы. Себебі, «Табиғаты тұмса шатқалдардың экологиясын сақтау – ортақ міндетіміз», - дейді көпшілік. Өйткені, шатқалдардың экологиясы жақсарса, жан-жануарлар мен құстардың да саны артады.

Тұңғыш Жаппарқұлов, «Іле-Алатау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылыми-зерттеу жұмыстары және таулы агробиоалуантүрлілік бөлімінің басшысы:

Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін ұлттық парктің тау қойнауларына кірер тұстарындағы посттарда халыққа арнайы пакеттер сонымен қатар балалардың суреттері берілген үнпарақшалар ескертпе жазілған үнпарақшалар таратымыз. Бұқаралқы ақпарат құралдарымен жұмыс істейміз.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ


 

Хабарламаларға жазылу