«Жастар кадрлық резерві» жобасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жастар кадрлық резерві» жобасы басталды

26.07.2019

 «Жастар кадрлық резерві» жобасы басталды. Биыл 10-шы мәрте өткізіліп отырған шара бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Алдымен ниет еткен жастар тіркеледі, іріктеледі, білім алады, сосын тағылымдамадан өтеді. Жобаға еліміздің әр аймағы бойынша 3 адамнан 51 жас қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың 34-і Қазақстан Парламентінде, 17-сі орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда білімі мен білігін арттырмақ.  Яғни жастар мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін қазіргі замануи, тиімді басқарушылардың тетіктерін танып-біледі. Жобаның мақсаты да осы. 18-29 жас аралығындағы кез келген ел азаматы осы тағылымдамадан өте алады. Айта өтейік 10 жылдың ішінде бағдарламаға 15 мыңнан астам жас қатысып, көпшілігі  жұмысқа орналасып кеткен.  

 

Дәлет Кәрібек, «Nur Otan» партиясы, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

Бұл жобаның басты мақсаты —  ешқандай аға көкесі жоқ, өз күшімен, әрі қарай өскісі келетін, білімне сенетін жастардың дамуына жағдай жасау. Әлеуметтік лифт ретінде жастардың жаңа орында өзін байқап-сынауына, жетілуіне, шығармашылық және тұлғалық жетілуіне әсер ететін біздің жобалардың бірі.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

 

Хабарламаларға жазылу