Алматыда стартап жобалар байқауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда стартап жобалар байқауы өтіп жатыр

25.07.2019

Оған осы уақытқа дейін әр аймақтан 50-ден астам стартап жоба қабылданған. Ал кейінгі кезеңде 13 жоба іріктелген. Қазылар алқасы солардың ішінен үздік 4 жобаны таңдады. Енді олардың әрі қарай өркендеуіне қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, әр жобаға тәлімгер тағайындалады. Сол мамандар шағын кәсіптің дамуын жыл аяғына дейін қадағалап, жол сілтейді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай игі шара жас кәсіпкерлердің тың бастамаларын дамытуға септігін тигізеді. Себебі қазір нәтиже бермейтін, күмәнді жобалар көбейген.

Алим Хамитов, жоба жетекшісі:

Қазір халыққа қажетсіз жобалар көбейді. Жастардың басым бөлігі кезекті әлеуметтік желіні ойлап тапқысы келеді. Не болмаса нарықта жетерлік, яғни бәсеке бар саланы таңдайды. Мұны әлемдік статистика да растайды. Сондықтан жастарды тек пайдалы жобаларды іске асыруға шақырамыз. Ал біздің мақсатымыз - соларға қолдау көрсетіп, кәсібін одан әрі дамытуға үлес қосу.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу