Жаңа вагондар жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа вагондар жолға шықты

23.07.2019

«Қазақстан Темір Жолы» жаңа вагондарды Алматы-Маңғыстау бағытында жүретін пойыздарға қосты. Заманауи технологиямен құрастырылған вагондар кеше батысқа қарай жол тартты.

54 жатын орны бар жаңа вагондар салқындатқышпен, ауа тазартатын сүзгімен, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар, соңғы үлгідегі бақылау камералары, 2 биодәретхана, ұялы телефон қуаттауға арналған розеткалар әр вагонда орнатылған.

Асқар Шүкербеков, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» филиалының директоры:

Әлеуметтік маңызды бағыттарда қатынайтын жолаушыларға барынша жайлылық қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» компаниясы бірқатар мемлекеттік органдармен үлкен жұмыс атқарды.

Алматы-Маңғыстау пойызы 3 мың шақырым жолды 56 сағат жүреді. Сондықтан бұрын тозығы жеткен вагондармен 3 күн жол жүру халыққа қиын болған. Ал жаңа пойыз жолаушылардың көңілінен шықты. Тіпті, «Билет бағасы да тиімді», - дейді олар.

Қалия Ошқалова, жолаушы:

Бұрын жүретін едік, бірақ, шаршаңқырап баратын едік, мына пойызбен өте жақсы.

Зульфия Юлдашева, жолаушы:

Мынау жаңа пойызға бүгін мініп, көңіліміз көтеріліп отыр.

Енді соңғы технологиямен жасалған жайлы вагондар жолаушылар игілігіне қызмет ететін болады. Ал жыл соңына дейін тағы осындай 48 жаңа вагон іске қосылады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу