Қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы қабылданады

22.07.2019

Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру бойынша заң жобасы талқыланып жатыр. Бүгін бұл жоба журналистерге таныстырылды. Оны даярлауға үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық институттар мен мемлекеттік органдардан мыңнан аса ұсыныс түскен. Бүгінде республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейде 231 қоғамдық кеңес бар. Олардың 4 мыңға тарта мүшесі бар. Енді осы кеңестердің қызметін қаржылық, әрі материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету көзделіп отыр. Тиісті қаражат бөлу әкімдікке жүктелуі мүмкін. Сондай-ақ басқа да көздерден қаржы тарту мүмкіндіктері қарастырылып отыр.

Гамал Түзелбаев, Қазақстан азаматтық альянсы президентінің орынбасары:

Биылға жобаның қаржыландыру көлемі 18 миллион 600 мың теңгені құрап отыр. Бүкіл Қазақстан бойынша. Ол деген өте жақсы көмек. Бізге ҮЕҰ-ға. Неге десеңіз сапасы жоғарылайды деп ойлаймыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу