Жоғары оқу орнын бітіріп ауыл-аймаққа қызмет етуге аттанған жастарды қолдау шаралары жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орнын бітіріп ауыл-аймаққа қызмет етуге аттанған жастарды қолдау шаралары жалғасады

19.07.2019

Жоғару оқу орнын бітіріп, ауыл-аймаққа қызмет етуге аттанған жастарды қолдау шаралары жалғасуда. Атап айтқанда, көтерме жәрдемақы беріліп, кезек арқылы баспана алуы үшін бюджеттен несие беріліп жатыр. Осы мақсатқа соңғы үш жылда 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 10 мыңнан астам жас маман мемлекеттік қолдауға ие болған.

Жанар Қаржауова «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы Ақмола облысының Ақмол ауылына медбике болып келіпті. Жұмыс істеп жатқанына 2 жылдан асқан. Осы аралықта мемлекеттен пайызсыз 3 миллион 600 мың теңге несие беріліп, пәтер алып үлгерген. Оған қосымша 170 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған.  Маусымнан бері жалақысы 30 пайызға өскен. 

 

Жанар Қаржауова, Аудандық емхананың медбикесі:

Бірінші үй іздедім бізге тікелей ақша бермейді үй табасың қожайынның есеп шотына аударады. Маған айтты осы жерде тіркеулі болуың керек, жұмысың осында болуы керек, осы жақтан үй алуың керек. Сосын мен барлығын дайындадым. Келісім шартпен 15 жылға тұрдым. Әр айда пайызсыз несие алдым. Олар ақша бөлді, мен үй алдым. Айына 19 мың теңге төлеймін.

 

«Жанар өз ісінің білікті маманы»,- дейді жетекші дәрігерлер.  Науқастарға сапалы қызмет жасап  үйдің де шаруасына қатар үлгеріп  жүргенін айтты. Целиноград ауданында жыл басынан бері  Жанар секілді 40 жас маманға қолдау көрсетілген.

 

Дәурен Сибанбаев, Ақпараттық-сараптамалық орталықтың жетекшісі:

Дипломмен ауылға келген жас мамандардың баспана алуы үдерісін арнайы комиссия қадағалайды. Құжаттарының сәйкестігі мен сатып алынатын үйдің ахуалы мен нарықтағы бағаға сәйкестігі ескеріледі. Қазіргі уақытта денсаулық саласында алты маман баспаналы болды.

 

Целиноград ауданында биыл дипломмен ауылға мемлекеттік бағдарламасы бойынша 65 маманға 246 миллион теңгеге жуық пайыссыз несие қарастырылған. Ал кезекте тұрған жас мамандардың саны 490 адам. Оның 98-і денсаулық, 389-ы білім және 14 адам  мәдениет пен спорт саласында еңбек етеді. 

 

Ербол МӘНДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу