Екібастұз қаласына қарасты 5 ауылдық округ орталықтандырылған су жүйесіне қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласына қарасты 5 ауылдық округ орталықтандырылған су жүйесіне қосылды

18.07.2019

Екібастұз қаласына қарасты 5 ауылдық округ орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұған дейін бұл елді мекендерге ауыз су көлікпен жеткізіліп келген. Жаңа желі Сәтбаев атындағы каналдан тартылды. Ұзындығы 48 шақырымнан асады. Жыл аяғына дейін өңірдегі тағы 5 ауыл сапалы ауыз суға қол жеткізеді деп жоспарланған. Негізі Павлодар облысындағы елді мекендердің 30 пайызы ғана ауыз суды орталықтандырылған су жүйесінен тұтынады. Бұл — республикадағы ең төменгі көрсеткіш. Биыл аймақта 52 жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 13 миллиард теңге қаржы бөлінді. Теміржолшы, Құдайкөл және Қарасор ауылдары тұрғындары қол жеткізген игілік —  соның нәтижесі.

Думан Анабаев, Қарасор ауылының тұрғыны:    

Тарих бойынша осы Қарасор ауылы 50 жыл болды құрылғанына. Осы биыл бірінші рет үйге дейін су тартқызып беріп отыр. Біз бәріміз қуаныштымыз! Осындай жақсы бағдарламалар бола берсе ауыл әжептәуір көтеріліп, дамитын еді.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу