«Bastau Бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына қамту аясы кеңейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bastau Бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына қамту аясы кеңейді

17.07.2019

Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар жалғасын тауып жатыр. Аз уақыт ішінде шұғыл шешімдер қабылданды. «Bastau бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына азаматтарды қамту аясы кеңейді. Шағын несиелеуге бөлінетін қаржы көлемі 85 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Жаңа бизнес идеялар үшін берілетін грант көлемі 18 миллиард теңгеге жетті. Нәтижесінде 300 мың адам жұмысқа тұрады. Тағы 19 мың азамат шағын несие алады. 37 мың адам жеке кәсібін бастайды.

 

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу