Арыстықтар Атырау облысының тұрғындарына ризашылығын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстықтар Атырау облысының тұрғындарына ризашылығын білдірді

16.07.2019

Атыраулықтардың көмек-қолдауының арқасында қазір Арыста 482 үй қайта жөнделіп жатыр. Қазіргі мезетте Атырау облысына бөлінген секторда 13 құрылыс мекемесі қызмет етуде, 500-ден астам адам және 20-ға жуық техника тартылған.

Құрылыс жұмыстарының сапасын облыс әкімінің орынбасары мен кеңесшілері бар арнайы топ бақылауда ұстап отыр. Бүгінге дейін бірнеше баспана толық қалпына келтірілді. Ал арыстық жасөспірімдер Атыраудағы «Тұлпар» лагерінде демалады.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

Бізге 482 үйді жөндеу тапсырылды. Қазіргі таңда сол жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Бибіхадиша Момын, Арыс қаласының тұрғыны:

Біз барлығына да - Елбасына, Президентке, Атырау облысының тұрғындарына зор рахмет айтамыз. Сапалы, жақсы үйлердің қарқынды салынып жатқанын көріп отырмыз. Сын сәтте шеткері қалмай, қолдау көрсеткендеріңізге рахмет.

Жәнібек ҒАЛЫМ

Хабарламаларға жазылу