Петропавлда «байланыстар биржасы» ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда «байланыстар биржасы» ұйымдастырылды

23.07.2014
Петропавлда «байланыстар биржасы» ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік  300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл сайын тауар айналымы өсіп келеді.

Облыстың  2013 жылы Кедендік одақ елдерімен тауар айналымы 5,4 пайызға артып,  792 миллион долларға жетті.

Екі ортадағы әріптестік нығайта түсу үшін Петропавлда «байланыстар биржасы» ұйымдастырылды. Кездесуге келген Ресейдің Түмен облысының кәсіпкерлері өз бизнестерін дамыту үшін Қызылжардан әріптестер тапты. 

 В2В форматында өткен кездесудің маңызы зор әрі тиімді. Өйткені, кәсіпкерлер делдалсыз кездеседі. Өзіне тиімді ұсыныс жасайды, инвестициялық жобалар табады.

Құралай Жарова, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

Әртүрлі саладағы кәсіпкерлер келіп отыр. Өнеркәсіп, ІТ-технологиялар саласында еңбек етіп жүргендер және сауда-саттық   өкілдері. Бұған қоса, ең бірінші рет туризм мамандары қатысуда. Біздің өңірде туристік орталықтар үшін қолайлы аймақтар бар. Мақсат - осы салада әріптестік орнатып, инвестициялар тарту.

Есенғали Ыбыраев, Түмен-Қазақстан іскерлік қатынастарын қолдау орталығының төрағасы (Ресей):

Бірінші кездесуден әріптестік орнатамыз, деп айта алмайыз. Танысып-біліскеннен, ақпарат алмасқаннан кейін әріптес тауып жатқандар көп. Бұл кездесудің маңыздылығы да осында. Көзбе-көз жолығып, нақты жобалармен танысады. 

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу