Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Эльмира Суханбердиеваның соты өтті

09.07.2019

6 миллион 250 мың теңге айыппұл және мүлкін тәркілеу. Прокурорлар Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Эльмира Суханбердиеваға осындай жаза сұрап отыр. Бүгін Есіл аудандық сотында экс-вице-министрге қатысты сот отырысы басталды. Сот ашық болғанымен, видео, фото түсірілімге рұқсат берілмеді.

 

Прокурор Нұрлан Бекмағанбетов судьядан 2500 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан бөлек, тінту кезінде алынған 11 миллион 500 мың теңгені де тәркілеуді сұрады. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыс атқаруға тыйым салуды сұрады. Эльмира Суханбердиева прокурорлармен айыбын мойындау туралы процессуалды келісімге келген. Ол Қылмыстық Кодекстің "Лауазымын асыра пайдалану" және "Кәсіпкерлік әрекетке заңсыз араласу" деген екі бабы бойынша айыпталуда.

 

 

Суханбердиевамен бірге елордалық мектептердің бірінің бұрынғы директоры да жауапқа тартылады. Айта кету керек, бұған дейін Эльмира Суханбердиеваға қатысты пара алды деген айып та тағылған еді. 

Айгүл Әмренова, қорғаушы:

 

Бастапқыда пара алу деген айыптау болған. Бірақ пара деп жүргені балаларға алынған iPhone маркалы телефондар болып шықты. Бұл - аз қамтылған балаларға берілген сыйлық. Әділдік орнап, бұл бап қылмыстық істен алынып тасталды.

 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу