21 жылда Нұр-Сұлтан қаласы алып мегаполиске айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 жылда Нұр-Сұлтан қаласы алып мегаполиске айналды

06.07.2019

Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен 21 жыл ішінде ел астанасы адам танымастай өзгерді. Ең бірінші, халықтың саны өсті.

Мәселен, 1998 жылы бұл өлкеде 300 мыңдай адам тұрса, бүгінде Елорда тұрғындарының саны 1 миллион 200 мыңға таяды.

Дүниеге келетін сәбилердің қатары да бірнеше есеге көбейді. 1998 жылы қалада 4200-ден астам бала туса, 2019 жылдың 5 айында 12 мың 600 бала дүниеге келген. 

Айырмашылық өте үлкен. Елордадағы халықтың саны бір жылда орташа есеппен 50 мыңнан 100 мыңға дейін көбейіп отырады. Тиісінше, 21 жылда қаланың аумағы 3 есеге өскен. Енді білім саласы.

21 жылдың ішінде бас қалада 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, 70 мектеп пен 2 колледж және озық үлгідегі оқушылар сарайы салынды. Тұрғын үй өсімін де айтайық. Елордада 1998 жылы халыққа жалпы ауданы 139 мың шаршы метр болатын 1308 пәтер берілді. Содан бері  бүгінге дейін қала тұрғындарына 205 мың 410 пәтердің кілті табысталыпты.

 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу