Алматыда экстремистік ұйымға қатысы бар 4 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда экстремистік ұйымға қатысы бар 4 адам ұсталды

05.07.2019

Алматыда экстремистік ұйымға қатысы бар 4 адам ұсталды. Полицейлер күдікті Демеуова, Шевчук, Джаукерова, Әшірәлиевті қамауға алды.

 

Кешенді тергеу жұмыстарының нәтижесінде, олар өзге азаматтарды экстремистік қозғалысқа шақырғандығы анықталды. Тексеру кезінде үйлерінен экстремистік мазмұндағы плакаттар, парақшалар, түтін шығаратын заттар, дыбыс ұлғайтқыштар, аэрозоль бояу баллондары табылған. Сонымен қатар, ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Бұл қаражатты олар заңға қайшы акцияларды ұйымдастыру кезінде пайдаланбақшы болған.

 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

 

Бұл азаматтар қазіргі таңда өз кінәларын толығымен мойындауда. Тәркіленген заттардың арасында үндеулерде заңға қайшы келетін үндеулер де болған. Енді күні кеше ғана соттың шешімімен бұлтартпау шарасы өзгертілді. Бұл азаматтар енді қамауға алынды.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу