Қостанай облысының Аманкелді ауданында мың адам күй тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Аманкелді ауданында мың адам күй тартты

04.07.2019

Аудан халқының саны 17 мыңға жуық. Яғни бұл іс-шараға тұрғындардың 5 пайыздан артығы қатысқан. Дайындық он ай бойы жүргізілді. Алаңда өнер көрсетушілердің алпыс пайызы домбыраны қолына сол кезде алғаш рет ұстапты. Тыңғылықты әзірліктің арқасында олар осы уақыт аралығында ұлттық аспапты жетік меңгеріп шыққан. Домбырашылардың ең үлкені тоқсан, ең кішісі 15 жаста. Мәдени іс-шара жалпыұлттық «Домбыра» күніне орай ұйымдастырылды. Жиналған жұрт мың адамның орындауында «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін тыңдады. Ұйымдастырушылар бұл аудандар арасында тұрғындардың басым бөлігі қатысқан рекордтық көрсеткіш деп есептейді.

Олжас Құлдыбаев, дирижер:

Әрине, Гиннестің рекордтар кітабына кіргізсе де болады. Аудандар ішінде мың адам қатысқанын естіген жоқпын. Біз бірінші болып тұрмыз. Соған қуаныштымыз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу