Елордада екі күнге жалғасқан ұлттық стартап жобаларының байқауы өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екі күнге жалғасқан ұлттық стартап жобаларының байқауы өз мәресіне жетті

04.07.2019

Терминал алдында тұрған адамның түрін құжаттағы суретімен салыстырып, тұлғаны анықтау. Әр студент үшін жеке-жеке онлайн бағдарлама әзірлеп беру және тұтынушылардың сауалдарына жауап беретін жасанды интеллект. Елордада екі күнге жалғасқан ұлттық стартап жобаларының байқауын осы идеялардың авторлары жеңіп алды. Додада 48 жоба ұсынылып, оның он шақтысы қорытынды кезеңге өтті. Он жобаның ішінен жүйрік шыққандар ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ байқау жеңімпазы Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдерінің арасында өтетін аймақтық саммитке қатысады. Бірінші, екінші және үшінші орын иегерлерін бас қала басшысы Алтай Көлгінов пен Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов құттықтады.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу