Қала әкімі Алтай Көлгінов қарапайым жұмыскерлерді марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала әкімі Алтай Көлгінов қарапайым жұмыскерлерді марапаттады

03.07.2019

Елордада жұмысшы мамандар марапатталды. Қала күні қарсаңында әкім Алтай Көлгінов шаһарды көркейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға үлесін қосқан азаматтарға рахметін айтты. Жалпы, 24 бағыт бойынша 480 адам қала басшысының алғыс хатына ие болды. Олардың арасында аула тазалығын қамтамасыз етіп жүргендер, түрлі көгалдандыру, коммуналдық жұмыстарды атқарып жүргендер бар. Сондай-ақ, құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен мәдениет салысының азаматтарына да арнайы грамота табысталды. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Мейрам алдында Алтай Көлгіновтен марапат алғандар, осылайша, бір мерейленіп қалды. Аталмыш шара алдағы жылдары да жалғасын таппақ.

 

 

Ерлан Қаналиев, Әлеуметтік сала бойынша қала әкімінің орынбасары:

 

Сол азаматтардың еңбегін айту бізге міндет, ол кісілерге абырой. Өйткені, ол кісілердің еңбегі көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейді. Оның бәрі істеліп жатқан жұмыс. Арқа төсінде пайда болған жаңа қалаларымыздың бірі ретінде біз қаншама адамның, қаншама азаматтарымыздың еңбегінің арқасы. Оның бәрі бағалану керек деп ойлаймын.   


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу