Министр Бердібек Сапарбаев елдегі шетелдік компаниялардағы еңбек заңнамасының сақталуын тексеретін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Бердібек Сапарбаев елдегі шетелдік компаниялардағы еңбек заңнамасының сақталуын тексеретін болады

03.07.2019

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ел аумағындағы барлық шетелдік компаниялардағы еңбек заңнамасының сақталуын тексеретін болады. Бұл туралы бүгін аталған ведомства басшысы Бердібек Сапарбаев айтты. Министрлік Бас прокуратураға осындай ұсыныспен шыққан. Себебі, соңғы кезде бірнеше еңбек ұжымдарында дау болған. Сондықтанда барлық саладағы компаниялар тексеріліп, қажет болса еңбек кодексіне өзгеріс енгізілмек.

 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

 

Қазіргі ең үлкен мәселелердің бірі еңбек келісім шарттарының болмауы. Мына жұмыс берушелір жұмысқа қабыдаған кезде дер кезінде келісім шартқа қол қоймайды. Содан жалақы дер кезінде берілмейді, қысқару, жұмысқа жағдай жасамау. Сондықтан осыны бір қалыпқа келтіру үшін біз мынау  электронды еңбек шарттарын жасап жатырмыз. Ол жұмыс әрі қырай жалғасын табады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу