Семейден 20 тонна тауық еті Арыс қаласына жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейден 20 тонна тауық еті Арыс қаласына жіберілді

02.07.2019

Арыстағы ағайынға көмек қолын созу толассыз жалғасып жатыр. Семейден бүгін «Ардагер» корпорациясы 20 тонна тауық етін арыстықтарға жіберді. «Құс еті тиелген екі бірдей жүк көлігі бір тәуліктен кейін тиісті жерге жетеді»,-деп отыр мамандар. Жалпы Арыстағы апатқа байланысты Шығыс Қазақстандағы қалалар мен аудан орталықтарында гуманитарлық көмек жинайтын 20 пункт ашылған. Аймақ тұрғындары 190 тонна азық-түлік пен киім-кешек жинаған. Оның алды жолда болса, қалған бөлігі темір жол арқылы жақын күндері жеткізілмек.

 

Николай Загородний, ЖШС бас технологы:

 

Арыс халқының басына төнген апатты біз де өте ауыр қабылдадық. Сондықтан, қолымыздан келгенше көмек берудеміз. Міне, бүгін құс етін жөнелтіп жатырмыз. Оған қоса барлық әріптестерім бір күндік жалақыларын аударды. Тағы көмек қажет болып жатса, қол ұшын беруге дайынбыз.

 

 

Ержан ЖАҚЫП

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу