Білім беру саласында онлайн оқыту жүйесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру саласында онлайн оқыту жүйесі енгізіледі

02.07.2019

Бүгін Елордада білім беру технологияларының қазақстандық EdTech форумы өтті. Бұл елімізде бұрын-соңды болмаған шара. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған форумға әлемнің үздік компанияларының өкілдері қатысты. Онда оқушыларды онлайн оқыту тетіктері талқыланды. Инноваторлар өздерінің көптеген идеясын ұсынды. Әлемнің 190 елі қолданатын Хан академиясы платформасының өкілдері де келген. Қазақстандық мамандар хан академиясының бағдарламасын бізде де қолданысқа енгізуге мүдделі. Егер жобаны сәтті жүзеге асырсақ, білікті мамандар тапшылығы мәселесі жойылар еді дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, онлайн оқыту жүйесі алдымен тегін, екіншіден баланың қабылетіне қарай дәріс береді.

Мақсұтбек Айтмағанбетов, Edtech дүниежүзілік конференциясының Қазақстандағы өкілі:

Онлайн деген ешқашан мұғалімдерді алып тастамайды. Онлайн тек көмекші. Мысалы банк. Баяғда күтіп тұратын едік қой. Қазір қосымшалар арқылы ақша жібере береміз. Сол сияқты онлайн да тек қосымша ретінде қолданылады.

Батыр Арифджанов, өзбек нұсқасының негізін қалаушы:

Қазір бұл жобаны әлемде 30-40 млн оқушы белсенді пайдаланады. Біз Өзбекстанда тәжірибеден өткізіп көрдік. Қысқа уақытта нәтижесін көрдік. Сол себептен өзбек тіліне аудардық. Қазақстандық әріптестерімізден үлкен қызығушылық бар. Өз тәжірибемізбен бөлімуге дайынбыз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу