Кәсіпкерлерді тексеру қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді тексеру қысқарды

19.07.2014
Кәсіпкерлерді тексеру қысқарды

Елбасының тапсырмасына сай, Төтенше жағдайлар қызметінің тарапынан кәсіпкерлерге қысым азайды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездескен қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында қаралуы тиіс 1121 орта бизнес нысандарының 387-і жоспарлы тексерістен  алынып тасталды. Бұған қоса, соңғы 3 жылда шағын кәсіпкерлік нысандарына өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттарының саны 5 есеге азайып, өнеркәсіптік қауіпсіздік 10 есеге кеміген. Ағымдағы жылы қалалық Төтенше жағдайлар қызметіне шағын кәсіпорындар жұмысына қатысты  азаматтардан 74 арыз түскен. Шағымдарды қарау барысында кәсіпкерлер  құқығын  қорғау толығымен ескерілді.

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД өрт бақылау басқармасының бастығы:

Бізге кәсіпкерлер палатасының өкілдері тексеруді азайту жайлы  ұсыныс жасады. Онда кәсіпкерлермен дөңгелек үстелдер өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сынды ақпарларды кеңінен беру қарастырылған. Біз бұл бағытта жүйелі жұмыс істеп келеміз. Қай төтенше жағдайда болмасын қауіпсіздікті сақтау үшін бейнероликтер әзірлеп, халыққа  түсіндірудеміз.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу