Кәсіпкерлікке ден қойғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікке ден қойғандар көбейді

02.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған 10 бағыттың 4, 10-шы қадамына сәйкес, өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлікке ден қойғандар көбейді.

Әсіресе, «Жас кәсіпкерлерге» қаржылай көмек көрсетуде Алматы облысы, Балқаш ауданында игі істер атқарылып жатыр. Мәселен, жергілікті жұртшылық «Еңбек» бағдарламасының игілігін көруде. Ең бастысы, осы жоба аясында жастар шағын кәсіптерін ашып, шаруаларын дөңгелетуге кірісті.

Былтыр жас кәсіпкер Асел Нұрлыбекова тәтті тоқаштар мен торт пісіретін шағын цехын ашқан. Осы шаруасын бастамас бұрын «Бастау» жобасы аясында бір айлық курстан өтіп, кәсіптің қыр-сырына қаныққан. «Еңбек» бағдарламасымен грантты да жеңіп алған.

Әсел Нұрлыбекова, жас кәсіпкер:

Сұраныс, тапсырыстар өте жақсы. Балқаш ауданында ең алғашқы кулинария болып есептелгендіктен күнделікті он шақты, 20 шақты торт пісіреміз.

Аталған жобаның игілігін көргендердің бірі – Жанат Сырбаева. 25 жылдан бері бал арасын өсірумен айналысып келеді. Қазір омарташы «Бастау» бағдарламасының шеңберінде шағын кәсібін өркендетіп отыр.

Жанат Сырбаева, кәсіпкер:

Шағын ғана кәсіпкерлікті ұстағанбыз болған. Енді соны ары қарай дамыту үшін оқып, ары қарай жаңағы үкімет бөліп жатыр ғой кредит алып +01:30 несиені 6 пайыздық 4 млн теңге алдым. Соны алып 40 ұя ара сатып алдым. Автокөлік сатып алдым. Жалпы, енді араға керекті заттарды сатып алып, жемісін жеп отырмыз.

30 мыңнан астам халық тұратын Балқашта қазір 59 адам жеке кәсібін тіркеп, 87 адам жұмысқа орналасқан. 35 жас кәсіпкер жеңілдетілген несие алса, 16 адамға «Еңбек» бағдарламасының гранты берілген.

Мейірман Сауданбеков, «Атамекн» ҰКП палатасының бизнес-тренері:

Маркетинг зерттеулер нәтижесінде көптеген бос нишшалар яғни бизнес идеялар анықталды. Мысалы, атап айтатын болсақ, жартылай фабрикаттар, теплица, мынау медициналық қызметтер, мысалы стомотология, кабинет узи деген сияқты түрлі-түрлі орындар бар.

Мамандар жергілікті тұрғындарды оқыту барысында аудандық нарықты зерттеп, қандай қызмет пен тауар жетіспейтіндігін анықтайды. Сондықтан, олар сол салаларды дамыту үшін биыл «Бастау» жобасы бойынша тағы да 60 адамды оқытпақшы.

Аманкелді СЕЙІТХАН

 

Хабарламаларға жазылу