Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 басым бағытының бірі жастарды жан-жақты қолдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 басым бағытының бірі жастарды жан-жақты қолдау

01.07.2019

Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда Бизнес және жастар «4К» форматында фестиваль өтті. Шара креативті ойлай білетін, коммуникациялық қабілеті зор критикалық талғамы бар коллабарация яғни бірлесе жұмыс істейтін жастарды даярлауға бағытталған. Басқосуда белгілі бір жетістікке жеткен кәсіпкерлер жастармен өз тәжірбиесімен бөлісіп, жобаларын дұрыс жоспарлауға үйретті. Жалпы Жетісу өңірінде жастар саны 500 мыңға жуық болса, олардың 26 пайызы орта және шағын бизнесте. Жастар жылында олардың қатары еселене түспек дейді ұйымдастырушылар.

Жомарт Қаратас, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Жас кәсіпкерлерге осындай форматтар арқылы олардың белсенділігін арттырып, олардың білмей жүрген көкейіндегі сұрақтарын жауап қайтару. Олармен жаңа форматта пікір алмасу. Өйткені қазіргі таңда жаңадан кәсіпкерлікті ашып жатқан жастарымыз бар. Осындай шаралар арқылы жастардың белсенділігі оянады. Және осы жылы жастарды кәсіпкерлікке тартуға үлкен бір серпіліс болады деген ойдамыз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу