Димаш Құдайбергеннің ән кешіне Грекиядан бір топ жанкүйер келмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергеннің ән кешіне Грекиядан бір топ жанкүйер келмек

28.06.2019

Қазір олар соңғы дайындықтарын пысықтап, жолға жиналып жатыр. Жалпы, Эллада елінде Димаштың 500-ден астам жанкүйері бар. Олар кумирлерінің Лондон, Мәскеу қалаларындағы жеке концерттеріне арнайы барған. Қазақтың қара баласының өнеріне табынушылар болашақта Афинада Димаштың жеке концертін ұйымдастыруды көздейді. Сондай-ақ, жанкүйерлер Димашпен еркін әңгімелесу үшін қазақ тілін жетік меңгерсек-дейді.

Екі күннен кейін «Астана арена»стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің ән кешіне Грекиядан бір топ жанкүйер келмек. Қазір олар соңғы дайындықтарын пысықтап, жолға жиналып жатыр. Жалпы, Эллада елінде Димаштың 500-ден астам жанкүйері бар. Олар кумирлерінің Лондон, Мәскеу қалаларындағы жеке концерттеріне арнайы барған. Қазақтың қара баласының өнеріне табынушылар болашақта Афинада Димаштың жеке концертін ұйымдастыруды көздейді. Сондай-ақ, жанкүйерлер Димашпен еркін әңгімелесу үшін қазақ тілін жетік меңгерсек-дейді.

Елена Вореакау, Димаштың Грекиядағы фан клубының мүшесі:

Димаш менің жан-дүниемді астан-кестен еткен әнші. Алғаш рет SOS әнін естігеннен, көз жасымды тия алмай тыңдаймын. Күйзеліске толы күндері Димаштың әнін тыңдасам жаным жай табады. Димаштың арқасында біз ұйымға бірігіп, бір отбасыдай болдық. Ендігі арманымыз-Афинада концертін өткізіп, әлемдегі жанкүйерлерінің басын қосу.

Мария Цолия, Димаштың Грекиядағы фан клубының мүшесі:

Эммоционалдық тұрғыдан өте сезімтал кезімде Димаштың әндері маған қатты көмектесті. Қиындыққа мойымай, алға қарай адымдауыма күш берді. Қазір MP3-ке барлық әндерін жүктеп алғанмын. 18 жастағы қызым екеуміз елордадағы Димаштың концертіне бармақпыз.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу