Елордалық мекемелер мен кәсіпорындар Арыс қаласына көмек ретінде 200 миллион теңге көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық мекемелер мен кәсіпорындар Арыс қаласына көмек ретінде 200 миллион теңге көмек көрсетті

28.06.2019

Қала әкімінің орынбасары бастаған бірнеше құрылыс бригадасы Арысқа аттанған. Олар қаланы қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов айтты. Бұдан бөлек арыстық 500 балаға елордаға саяхат ұйымдастырылады. Олардың алғашқы легі қалаға ертең келеді. Ал алдағы елорда күнін атап өтуге биыл жылдағыдан үш есе аз қаржы жұмсалады. Дәлірек айтсақ отандық және шетелдік әртістер қатысатын ашық аспан астындағы концерттер биыл болмайды. Жалпы қала күні қарсаңында 100 ге жуық шара өтеді. Оның 80 ге жуығы тегін ұйымдастырылады. Қала әкімінің орынбасары қаржыны үнемдеу арыстағы оқиғаға қатысты емес, бұл оған дейін дейін қабылданған шешім екенін айтты.

Ерлан Каналимов, Нұр-Сұлтан қадасы әкімінің орынбасары:

3-4 күн қатарынан демалыс күндері. Бұл жерде 1 млн астам халық тұрады. Әр қайсысынң бала шағасы бар, демалу керек жұмыстан кейін. Оған қоса қаламызға басқада аймақатардан қонақтар демалуға келеді. Оның барлығы н тийып тастап, мереке болмайды деген тағы болмайды. Сондықтанда біз қарапайым түрде, шағын түрде осы шараларды өткізетін боламыз.

Хабарламаларға жазылу