20-ға жуық Украина азаматы ағзаларын Қазақстанда заңсыз сатты деген ақпарат тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20-ға жуық Украина азаматы ағзаларын Қазақстанда заңсыз сатты деген ақпарат тарады

27.06.2019

«Қазақстан шетелдіктерден заңсыз адам ағзаларын сатып алды» деген ақпаратқа қатысты елде тергеу амалдары басталды. «Украин елінің азаматтары қазақстандықтарға ағзаларын заңсыз саудалап жатыр» деген мәлімет тарады. Онда 20 украиндықтың бүйрек-бауырларын 10-15 мың долларға өткізген делінген. Қазір Украинада осы қылмыстық оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Украинаның Ұлттық полиция басшысының бірінші орынбасары Вячеслав Аброськин сатып алушылардың арасында Қазақстан азаматтары, оның ішінде дәрігер-трансплантологтар да бар деген. Алайда, «Бізде адам ағзасының саудасына қатысты заңмен қатаң тыйым салынған. Оның үстіне біреудің бүйрегі басқа адамның ағзасына оңайлықпен сәйкес келе қоймайды. Бұдан бөлек, ол ағзаны жеткізу мерзімі де тым қысқа. Сол себептен, мұндай саудаланған адам ағзасының пайдасынан зияны көп болуы мүмкін»,-деді қазақстандық мамандар.

 

Жақсылық Досқалиев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

 

Адамның ағзасын адамға сатуға тиым салған. Егерде оны сататын болса, онда ол мемлекет тарапынан жауапқа тартылады. Жарнамаға да тиым салған. Сондай-ақ кейбір сайттар ақша табу үшін сондай публикациялар бар. Бірақ ол құқық қорғау органдарының жұмысы деп есептеймін.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу