Қостанайда Ішкі істер депаратменті демалыс күндері де ашық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Ішкі істер депаратменті демалыс күндері де ашық

24.06.2019

Іс-шара барысында қаланың әрбір тұрғынына осында келіп, полицияның күнделікті жұмысымен танысуына мүмкіндік туды. Келушілер құқық қорғаушылардың қару жарағын, арнайы көліктерін тамашалады. Қала шетін күзететін жасақтар мінетін жарау аттарға мініп серуендеді. Мұражайда болып полиция тарихымен танысты. Түрлі спорттық шараларға қатысты. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, бұқарамен тығыз қарым-қатынас орнату.

Жадыра Жаңабаева, Қостанай қаласының тұрғыны:

Әсіресе бұл балалар үшін аса қызықты. Менің кішкентай інім полиция қызметкерлеріне қатты еліктейді. Өскенде ел сақшысы болуды армандайды. Бүгін ол түрлі қару-жарақты көзімен көріп, қолымен ұстап арманына шықты. Ересек болсақ та мұның бәрі бізге де қызық.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу