Құны 6 миллиард теңгеден асатын Ақтөбедегі өзен арналарын кеңейту жұмыстары уақытша тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құны 6 миллиард теңгеден асатын Ақтөбедегі өзен арналарын кеңейту жұмыстары уақытша тоқтады

24.06.2019

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңірге барған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Мұндай шешімге тұрғындардан түскен шағымдардың көптігі себеп болып отыр. Жаз шыққалы облыс орталығы арқылы өтетін өзендердің барлығы дерлік тартылып, бау-бақшалар сусыз қалды. Еріктілер тобы өз күштерімен бұлақ көздерін ашумен және ағаш отырғызумен шұғылдана бастады. Министр облыс және қала басшылығымен бірге Сазды, Қарғалы, Бұтақ, Песчанка, Елек өзендерінің арнасын кеңейту жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, тұрғындардың пікірлерін тыңдады. Нәтижесінде, сараптамалық жұмыс тобы құрылатын болды. Мамандар 2 апта ішінде қажетті жұмыстарды жүргізеді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Жасыратыны жоқ, Ақтөбе шөлейтті өңір. Қыруар алып тастаған талдарыды не істейміз, қай жерге отырғызамыз? Ол да бір наразылық тудырып жатыр. Сондықтан да осы сұрақтарға жауап беру үшін біз арнайы топ құруымыз керек.Оған жергілікті азаматтар кісрсін. Мен бір ойға келдім.Ең біріншіден мына атқарылып жатқан жұмыс – керекті жұмыс.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу