Келер жылы өтетін халық санағы толықтай электрондық форматта өткізіліп, пайдаланылатын планшеттер мектептерге беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы өтетін халық санағы толықтай электрондық форматта өткізіліп, пайдаланылатын планшеттер мектептерге беріледі

20.06.2019

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше, келер жылғы халық санағына 9 миллиард теңге шығынданбақ. 10 жыл бұрынғы шарамен салыстырғанда жұмсалатын қаржы көлемі аз. Қаражаттың негізгі бөлігі құрал-жабықтар мен санақты өткізу үшін қажетті планшеттер сатып алуға жұмсалады. Министр бланктің өзі электронды болатынын да айтты.

 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

 

Планшеттер Статистика комитетінің жұмысына пайдалану үшін беріледі. Сонымен қатар олардың басым бөлігі, Білім және ғылым министрлігі жүйесіне, яғни мектептерге беріледі. Сондықтан санақ жүргізуге сатып алынатын құрал-жабдықтар одан ары да кәдеге жарайды. Толықтай алғанда санақтың басты ерекшелігі оның электронды түрде өтуі болмақ. Электронды түрде бірден өңделіп, мәліметтер тексеріледі. Содан кейін бірден санақтың алдын ала нәтижесімен таныса алатын боламыз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу