«Отандастар қоры» диаспораны қолдау үшін заң жобасын әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отандастар қоры» диаспораны қолдау үшін заң жобасын әзірледі

19.06.2019

Соңғы жылдары шетелде жүрген отандастарымыздың туған елге деген аяқ алысы азайыпты.  Бұған елімізде нормативтік  базаның болмауы мен мемлекеттік органдардың құжаттарындағы кереғар қайшылықтар себеп.

 

«Отандастар қоры» осы олқылықты оңалту үшін "Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасын әзірлеп жатыр. Ғылыми-сараптамалық кеңестің алғашқы отырысында әуелі заңнамалық жүйені реттеу керектігі баса айтылды. Заң жобасында диаспора өкілдеріне "Қазақ картасы" деген құжат беру қарастырылған. Бұл — шетелде тұрып жатқан қазақтарға виза дайындау кезінде көп көмек болмақ. Бұған қоса, Қазақстанға емін-еркін келіп -кетуге, білім алуға, кәсіпкерлікпен айналысуына да мүкіндік береді. Алайда, ерекше құжат екінің біріне берілмейді. Оған ие болу үшін үміткердің қазақ болу шарт. Қазақ тілі мен қазақ дәстүрін білуі тиіс. 

 

Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:

 

Шет елден көшіп келген бауыларымыз көбіне тіл мәселесімен қиналады. ХҚО-ға барған кезде кейде болады әліппені де білмейтін. Бізде көбі қазақ тілін біледі. Жаза алмайды. ХҚО-ға келеді де құжаттарын рәсімдей алмай жатады. Себебі, тілді біледі, жазуы латын немесе төте жазу. Бір терезе қағидатымен көмек көрсетуді пысықтап жатырмыз. Бір тізімге сәйкес құжат тапсырады. Ол жерге қазақ тілін жетік меңгерген адамды қоямыз. Немесе қытайдан немесе Моңғолиядан келген қандасымызды қоямыз.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу