Бүгіннен бастап қолма-қол төленетін жолақы екі есеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап қолма-қол төленетін жолақы екі есеге қымбаттады

19.06.2019

Бүгіннен бастап еліміздегі барлық ақылы жолға сараланған тариф енгізілді. Енді қолма-қол төлем бұрынғыдан екі есе көп болады. Бұл — көлік жүргізушілерін жаппай онлайн төлемге көшіру үшін жасалған қадам, - дейді мамандар. Өйткені, төлем алдын-ала жасалса, көлік терминалдан тез өтіп, кептеліс азаяды. Бірақ, оған жүргізушілердің пікірі мен көзқарасы қалай? Тілші материалы...

 

Бұл Алматы мен Қапшағайдың арасын жалғап жатқан 60 шақырымдық тас жол. Қалаға кіре берістегі ақы төлейтін терминалдар биыл қаңтарда іске қосылған. Содан бері жүргізушілер екі бағытқа бар-жоғы 200 теңге төлейтін. Ал, бүгін тариф өзгерді. Енді тек онлайн төлесең - 200, ал, қолма-қол - 400 теңге болды. Бірақ, мұны көпшілік түсінбей дал.

 

—    Постоянно 200-ден алатында. Кеше 400 теңге алды. Енді бүгін 300 теңге. Адам түсінбейді мыналарды.

Не үшін разница қандай? Алдын ала ма, қазір төлеймін бе, не басқа ақша ма ол или не?

Енді жаңа 10 минут болды кірдім, мостқа барып қайтып келдім, 400 теңге шығып тұр да. Или ваще 1000 тг қылып қою керек қой.

 

Жүргізушілердің арасында алдын-ала төлем жасауға бұрыннан үйренгендері де бар. Олар мұның еш қиындығы жоқ екендігін айтты.

 

Мен уже екі ай болды төлеп қойғаныма. Қазір, нормально келем, ашылады, кетем. Удобно.

 

Осы терминалдар арқылы күніне 10 мыңнан астам көлік өтеді. Ағылған машиналарды бөгемеу үшін 11 жолақ жасалған. Олардың екеуі жүк көліктеріне арналған. Қалғаны — жеңіл машиналар үшін.

 

Аманкелді Сейітхан, тілші:

 

Әзірге бұл жердегі 1-ші, 2-ші жолық алдын-ала төлем жасаған жүргізушілерге арналған. Олар бұл жерден еш кедергісіз өтіп кетеді. Ал, кім алдын ала төлем жасамаса бұл жолақтардан өте алмайды. Өйткені, ақша төлеу мүмкін емес. Міне, терминалдардың тетіктері осылай жабылған. Мұны түсінбеген  жүргізушілер қазір осындай, міне, келеңсіздіктерге ұшырап жатыр. Өйткені, бұл жерден тек алдын ала төлем жасағандар өтеді. Ал, мына жігітке қазір қайтадан артқа барып, ақша қабылдайтын терминалға өтуіне тура келеді. Соның кесірінен көліктің көп кезінде бұл жерде кәдімгідей кептеліс болады екен. Ал, оның алдын алу үшін, жүргізуішлерге ұғынықты болу үшін жоғары жаққа алдын ала төлем жасаған абоненттерге арналған деп жазып қойған.

 

Мамандар сөзінше, жүйе терминалдың жұмысын жеделдетіп, кептелісті азайтады.

 

Берік Бекмағанбетов, «Алматы-Қапшағай» ақылы жолының бастығы:

 

Бұрын терминалға ақша салып, төлем жасаса, олар 20 секундтан 40 сеундқа дейін уақыт жоғалтатын. Қазір алдын-ала төлем жасап, олардың уақыты 3-5 секундқа дейін азаяды.

 

Осындай ақылы жолдар бүгінде Алматы мен Қапшағайдан бөлек, тағы үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Бәрінде қолма-қол төлем бүгін екі есе өсті.

 

Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Щучинск, Нұрсұлтан мен Теміртау қаласының арасы бір бағыт бойынша онлайн төлем - 200 теңге, қолма-қол 400 теңге. Ал, Алматы мен Қорғас арасы қолма-қол - 600, алдын-ала төлем - 300 теңге.

 

Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» компаниясының басқарма төрағасы:

 

Осы жолдың бойында тұратын тұрақты адамдарға барлық жолдарда енгізілген арнайы абоненттік төлем бар. Ол абоненттік төлем жолдың бойында тұратын адамдарға жылына 1000 теңге. Жол пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін осы дифференциалды тарифті енгізіп жатырмыз.

 

"Жүргізушілердің осы тарифке үйрене бергені жөн", - дейді мамандар. Өйткені, елімізде келесі жылы 5 мың шақырым, ал,  2021 жылы 11 мың километр жол ақылы болады.

 

Осындай ақылы жолдар бүгінде Алматы мен Қапшағайдан бөлек, тағы үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Солардың бәрінде қолма-қол төлем бүгін екі есе өсті. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Щучинск, Нұрсұлтан мен Теміртау қаласының арасы бір бағыт бойынша онлайн төлем-200 теңге, қолма-қол -400 теңге. Ал, Алматы мен Қорғасарасы қолма-қол -600, алдын-ала төлем-300 теңге.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу