Қарағандылықтар туған анасынан зәбір көрген 4 жасар сәбидің тағдырына алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылықтар туған анасынан зәбір көрген 4 жасар сәбидің тағдырына алаңдаулы

19.06.2019

Бет-аузы көгерген, қарны аш Софияны ең бірінші еріктілер тауып алып, дәрігерге тапсырған. Тексере келгенде, оның мұрнының сынғандығы және аяғы қатты зақымданғаны белгілі болды. Бала анасымен бірге қала шетіндегі мына үйде тұрады. Баспананың санитарлық жағдайы сын көтермейді. Көршілерінің айтуынша, жалғызбасты әйел ішімдікке әуес болыпты. Бірақ полицияда есепте тұрмаған. Қазір 4 жасар бүлдіршін қауіпсіз жерде. Ол анасының жиі қол жұмсайтынын айтып, оған апармауын өтінуде.

Әсем Ерішова, қалалық Білім бөлімі қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі:

Қазір біз баланы Теміртау қаласындағы жасөспірімдерді оңалту орталығына орналастырдық. Ол жерде оған медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі. Жәбір көрген сәби тез арада сауығып, қалыпқа келеді деген үміттеміз. Ал анасы міндетті түрде әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу