19-маусым, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19-маусым, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

18.06.2019

Петропавлда синоптиктердің болжамы бойынша жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 17, түнде 8 градус НӨЛДЕН жоғары.

 

Көкшетауда да жауын жаумақ. Күндіз 18, түнде 9 градус жылы.

 

Қостанайда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Сынап бағанасы күндіз +20 түнде +9 градусты көрсетеді.

 

Павлодарда күндіз 20, түнде 10 градус жылы.

 

Қарағандыда керісінше. Күн жауын-шашынды. Термометр бағаны күндіз +21, түнде +11 градусты көрсетеді.

 

Жезқазғанда күн ала бұлтты. Күндіз 27,  түнде 14 градус жылы.

 

Өскеменде жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 18, түнде 9 градус НӨЛДЕН жоғары.

 

Семейде көшпелі бұлт шығады. Күндіз 21, түнде 9 градус жылы.

 

Орал. Жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы күндіз 27, түнде 18 градус НӨЛДЕН жоғары.

 

Атырауда күн ала бұлтты. Күндіз 32 градус ыстық, түнде 22 градус жылы.

 

Ақтөбеде күн жауын-шашынды. Термометр бағаны күндіз +27, түнде +15 градусты көрсетеді.

 

Ақтауда керісінше.  Күн ашық. Күндіз 31 градус ыстық, түнде 24 градус жылы.

 

Таразда жаңбыр жаууы мүмкін. Сынап бағанасы күндіз +28, түнде +14 градусты көрсетеді.

 

Түркістанда күн ашық. Күндіз 33 градус ыстық, түнде 18 градус жылы.

 

Қызылордада ауа температурасы күндіз 32, түнде 19 градус НӨЛДЕН жоғары.

 

Талдықорғанда күндіз 26, түнде 14 градус жылы.

 

Шымкентте де күн ашық. Күндіз 31 градус ыстық, түнде 17 градус жылы.

 

Алматыда күн жауын-шашынды. Күндіз +27, түнде +18.

 

Нұр-Сұлтанда да жауын жаумақ. Ауа температурасы күндіз 20, түнде 10 градус НӨЛДЕН жоғары.

Арай КЕНЖИНА

Хабарламаларға жазылу