Талдықорғанда жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жастар форумы өтті

18.06.2019

Шара мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде атап өткен 10 бағытты жүзеге асырып, жас мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру, еркін ойлау, батыл сөйлеу, саяси белсенді болуға шақыру.

Форумға Жетісу өңірінен 150-ге жуық жас буын қатысып, аға буынның ақылын тыңдап, секциялық оқуларда дәріс алды. Семинар-тренингтер арқылы өзін-өзі дамытуға, жаңаша көзқарас қалыптастыруға үйренді.

Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы:

Мансаптық өсу. Мерритократия жолымен өзінің бойындағы қасиетті толық ақтап, толық көрсетіп, мемлекетке пайдасын тигізу керек. Және өзінің де қоғам алдындағы беделін көрсетіп өсуі қажет.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу