Түркістан облысы Төле би ауданының мектептеріне компьютерлік жаңа жүйе енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы Төле би ауданының мектептеріне компьютерлік жаңа жүйе енгізілді

17.06.2019

Оның бірі аймақтағы мектептерден кез-келген уақытта мәлімет жинақтау үшін пайдаланылады. Аудандағы 67 мектептің басшылары жинақталған есептерді, сауалнамаларды, өзге де ақпараттарды қағаз бетіне түсіріп, орталыққа апарып жүрмейді. Интернет желісі арқылы арнайы жасалған форманы толтыру арқылы жүзеге асырады.

Тағы бір жаңа жүйе мектеп оқушылары жасаған қолөнер бұйымдарының электронды каталогы жасалды. Осы арқылы кез-келген уақытта қолөнер бұйымдарын кәдесый ретінде сатуға болады.

Сондай-ақ аудандық білім бөлімі телеграмм мессенжерінде байланыс чатын ашты. Енді ата-аналар мектептегі заңсыз әрекеттер, бала тәрбиесіне қатысты өзінің ой-пікірлерін ашық жаза алады.

Роза Аманова, Төле би ауданы білім бөлімінің басшысы:

Ұсынылып отырған жүйеміздің артықшылығы ең алдымен қағазбасталықтан арылтады, екінші уақытты үнемдеу, үшінші сыбайлас жемқорлықтың тәуекел тұстарына тосқауыл қою. Бұл мәліметтерді интернет жоқ жерде телефонмен ала беруге болады. Жылдам әрі тез.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу