«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мемлекет пен бизнес арасында бекітілген келісімшарттағы міндеттері қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мемлекет пен бизнес арасында бекітілген келісімшарттағы міндеттері қаралды

14.06.2019

Кеңесте аталған деректерге сәйкес, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын даулардың дені – заңнамалық тұрғыдан қарастырылған келісімшартта тараптардың теңдігі сақталмауынан туындап отыр.

Қазіргі күні мемлекеттің жекеменшік компанияның шаруашылық қызметіне негізсіз араласуы күрт жоғарылаған. Салдарынан, бизнес шығынға батуда. Бұл – мемлекетке де экономикаға да айтарлықтай зиян келтіріп отыр.

Осы ретте, жиналғандар келісімшарт шеңберінде туындайтын жанжалдарда мемлекеттік органдарды тек жауапкершілікке тартудың жеткіліксіз екенін айтады.

Қайырбек СҰЛТАНОВ, «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы:

Өкінішке қарай, сотқа жүгіну бизнес құқығының қорғалуына толық кепілдік бермейді. Бүгінде сот корпусында мемлекет мүддесін кез келген жолмен қорғап қалу тенденциясы әлі де сақталып келеді. егер талап-арыз келіп түссе, судья мен прокурор бірінші кезекте мемлекет мүддесін қорғауға кіріседі. Мұны өзгерту керек. Теңдік сақталу керек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу