«Инновациялық форсаж» автобусы Ақтөбеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Инновациялық форсаж» автобусы Ақтөбеге жетті

12.07.2014
«Инновациялық форсаж» автобусы Ақтөбеге жетті

Астана қаласынан шыққан «Инновациялық форсаж» автобусы Ақтөбеге жетті. Бизнес-жоспарлардың республикалық байқауына ақтөбеліктер жыл сайын белсенді қатысып келеді.

Биыл да 200 жоба ұсынылып, үздіктері анықталды. «Инновациялық идеялар шоу-рум» көрмесіне үздік 20 жоба қойылды. Олардың қатарында жел арқылы энергия алу, қазақша сөйлейтін қалам, роботтар, ақылды үй басқа да ерекше инновациялық ұсыныстар бар.

Өткен жылы ақтөбелік жас өнертапқыштар бірнеше жоба ұсынып, ұтып алған грант көлемі бойынша республикада екінші орынға ие болды. Биыл да жүлдеден үмітті.

Дархан Ермағамбетов, Ақтөбе облысының Индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

Егер әрбір қатысушының жобалары іске асып немесе соны дамып жатса келешекте ел экономикасы, оның ішінде Ақтөбе облысының экономикасын көтеруге өз үлестерін қоса алады деп сенуге болады. Әрбір жасаған инновациялық заттары, бұйымдары қазіргі заман ағымына сәйкес, ыңғайлы әрі қолайлы және де көп жылға жарайды.

Әлия ТАЛАСОВА

 

Хабарламаларға жазылу