1 шілдеден бастап батуттар қатаң бақылауға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеден бастап батуттар қатаң бақылауға алынады

07.06.2019

Атракциондарды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік туралы ұлттық стандарт бекітілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті. Стандарт бойынша олардың жұмысына қадағалау жұмыстарын жергілікті атқарушы мекемелер жүргізеді. Жаңа құжат 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазір балалардың демалу орындарындағы әткеншектер мен батуттар техникалық регламент және пайдалану нұсқаулығының шеңберінде ғана жұмыс істеп тұр. Ал оларды толық қадағалайтын орган жоқ.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Атракциондардың қасында ауа температурасын өлшейтін термометр мен желдің жылдамдығын өлшейтін құрылғы болуы керек. Егер желдің күші шектен асып бара жатса, батуттың жұмысы тоқтатылуы тиіс. Сондай-ақ, олардың жерге бекітілу стандарттары да бар. Мұның бәрі техникалық регламентте де жазылған.

Оңғар АЛЫПСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу